RSS Twitter Delicious
Стили
Разные песни
Песни по алфавиту

Нурхан и Жасулан Еске алу

Песня еске алу видео. Видео Арайлымды еске алу.

Рейтинг: 0

Исполнитель: Нурхан и Жасулан

Название песни: Еске алу

Дата добавления: 2015-03-01

Текст просмотрен: 1037

Скачать

Другие песни этого автора Нурхан и Жасулан
Текст целиком:

Айлар өтті, білінбестен күн өтті,
Бір ауыр ой неге бізді жүдетті?
Жақсыларын ел қашанда аңсайды,
Сағынышы сыздатады жүректі.

Көктем келсін, соқсын тағы күз мейлі,
Айдынында аққу енді жүзбейді.
Туған жердің талдары да мұңайып,
Абайы мен Кәкимасын іздейді.

Ашық еді ел-жұртына сарайы,
Дидарынан төгілетін арайы.
Маңдайына сыймай кетті неліктен,
Бұл қазақтың тағы да бір Абайы.

Қауіп қайдан, ойламаппыз тіптен біз,
Жаман ойды жасырғанбыз, бүккенбіз.
Абай солай жүреді деп ортада,
Елуіне келеді деп күткенбіз.

Қатарынан озық еді, өр еді,
Дедік пе біз сондай қатер төнеді?
Нұр дидары елес болып тұрса да,
Деп ойлаймыз: «ортамызға келеді».

Жарасатын ортамызда жұптары,
Еңбектерін қалың елі құптады.
Азаматын сақтай алмай қалған соң,
Қалың жұрттың барма сонда ұтқаны?

Жақсылықтар болатұғын күн алда,
Десек-тағы көңіл соған тынар ма?
Ұрпақ өсіп, келер буын жетсе де,
Кәкимадай қазақ қызы туар ма?

Жамандыққа әсте көңіл сенбейді,
Дегенменен уақыт бәрін емдейді.
Дейді қазақ «орыны бар оңалар»,
Бұл әулеттің шырағы енді сөнбейді.

Сынағы оның келгенімен сан рет,
Бұл тағдырдың берем десе бағы көп.
Анасының орнын басып Әсемгүл,
Шаңырақты тікейтеді Әлібек.

Білуші едік биіктерде тұрғанын,
Елге арнады қызуы мол жылдарын.
Орын бергей енді пейіш төрінен,
Біз тілейміз қос арыстың иманын!

Фильмы
Арайлымды еске алу
Нурхан и Жасулан - Еске алу
Комментарии (0)
Комментировать



А не робот ли вы?: